16 наурыз 2015
2015 жылдың 16 наурыз күні «Тұран» университетінің колледжінде Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығының мерей тойына орай ардагерлермен кездесу өткізілді. Соғыс ардагерлері: Ролдугин Иван Иванович және Ахметбеков Төлеби Ахметович өздері туралы және гитлерлік басқыншыларға қарсы күрестегі ерліктері жайлы әңгімеледі. Әсерлі әңгімелерден кейін колледж студенттері ардагерлерге арнап соғыс тақырыбындағы әндерді шырқады.



