Список учреждений

«Турания» ғаламшарына саяхат» ашық есік күні

28 ақпан 2015

28 ақпан 2015 жылы «Тұран» университетінің колледжінде Алматы қаласының 9-сынып оқушыларына арналған «Турания» ғаламшарына саяхат»  атты ашық есік күні өтті. Оқытушылар мен білім алушылар екі жүзге жуық мектеп оқушыларын қарсы алды. Оқушылар саяхат барысында барлық мамандықтар бойынша презентациялармен таныс болды, колледждің дәрісханалары мен спорт залдарын аралап шығып, агитбригаданың дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалады.