Список учреждений

«Тұран» колледжіне халықаралық пауэрлифтингтен спорт шебері келді.

26 ақпан 2015

2015 жылдың 27 ақпан күні «Тұран» колледжіне халықаралық пауэрлифтингтен спорт шебері, параолмпиададан Қазақстандық құрама  мүшесі, Қазақстан рекордын  жаңғыртушы, Дубай әмірлігінде  өткен  ашық чемпионатының қола жүлдегері, дизайнер-суретші Жакиен Жанат Темиржанұлы келді.  Жанат Темиржанұлы  студенттерге мүмкіндігі шектеулі бола тұра жеткен жетістіктері жайлы, алға ұлы мақсаттар қойып оған  қалай қол жеткізуге болатындығы туралы әңгімеледі.