27 ақпан 2015
2015 жылдың 27 ақпан күні «Тұран» колледжінің боксерлік залына Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Вэла Баркер кубогының иегері қазақстандық боксер – Серік Сапиев келді. Олимпиада чемпионы өзінің колледжге келудегі мақсатын: «спортқа жанашырлық таныту, колледж студенттеріне салауатты өмір салтын ұстануға бағыт беру, спортпен шұғылданатын жастарға қолдау көрсету» – деп түйіндеді.



