18 қыркүйек 2015
18 қыркүйек 2015 жылы «Тұран» университетінің колледжінде қала күніне арналған мерекелік іс- шара өткізілді. Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісі қала күні тойланады. Қала күні- Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін сүйікті мерекелеріне айналған. Қаланың туған күні мерекемен ғана шектелмей айдың аяғана дейін тойланады. Бүгін «Тұран» университетінің колледжі мерекелік іс-шараға өзінің үлсін қосты. Аздаған викториналық сұрақтар қойылды. Білім алушылар біздің сүйікті қаламыз атты өлеңге флеш-моб ұйымдастырды. Білім алушылар мен оқытушыларға қаламыздың символына айналған алмалар таратылды.









