28 қыркүйек 2015
28 қыркүйек 2015 жылы «Тұран» университеті колледжінде 2 курс білім алушылары үшін «Зияткерлік марафон-2015» атты командалық ойын өткізілді. Ойынға барлық мамандықтардан 9 команда қатысты.
Зияткерлік ойынды өткізудің мақсаты: топпен жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Топтық команда «Ақпараттық жүйелер» мамандығының білім алушылары жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!



