29 қыркүйек 2015
29 қыркүйекте «Тұран» университетінің колледжінде туризм күніне орай дастархан мәзірлерін дайындау мен этикет ережелері туралы мастер- класс өткізілді. Мерекелік іс-шара туризм пәнінің оқытушысы С.А. Пулатованың жетекшілігімен «Туризм» мамандығының білім алушыларымен өткізілді. Дүниежүзілік туризм күні- халықаралық мереке.
Іс-шараның мақсаты: туризмді дамыту, басқа елдермен қарым-қатынас орнату, сондай-ақ әлемдік экономикаға қосатын үлесі туралы насихаттау.









