Білім мен бизнестің өзара ықпалдасуы ТОБ (ТиПО) жүйесін жасаушылардың күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Сонымен қатар бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін маңызды фактор ретінде адам факторын қоятын кәсіпорындар үшін де бұл мәселе маңызды. Осыған қарамастан білім мен бизнестің өзара ықпалдастығы туралы толық қанды ақпараттар жоқ.
ҚР –ның Білім және ғылым министрлігі, Еуропалық Білім Беру Қорымен бірге Турин процесі ауқымында білім мен бизнес саласындағы ықпалдастық мәселелері туралы халықаралық, ұлттық және аймақтық шараларды өткізіп келеді.
Еуропалық білім беру қорының бастамасымен Қазақстандағы білім мен бизнес ықпалдастығының қазіргі жағдайын терең талдау мақсатында «Кәсіптік біліктілік жүйесін жетілдіру» атты зерттеулер жүргізуде. Зерттеу жұмыстары 2014 жылдың сәуір айынан 2015 жылдың ақпан айына дейін үш аймақта – Қызылорда, Алматы, Павлодар аймақтарында жүргізілді. Зерттеуге біздің колледжіміздің 2013 жылы бітірген түлектері, жұмыс берушілер қатысты.
Зерттеудің мақсаты білім мен бизнес саласының өзара ықпалдастығы және оның колледж түлектерін жұмыспен қамтуға ықпалы
2015 жылы 27 қыркүйекте «Қазақстан Республикасындағы Білім және Бизнес» атты семинар өтті, оның мақсаты қатысущыларға зерттеу нәтижелерін талдау қорытындыларын жария ету. Семинарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Ақпараттық –талдау орталығы» АҚ өкілдері, Аймақтық кәсіпкерлер палатасы, Алматы қалалық Білім беру басқармасы, кәсіпорындар, колледждер қатысты. «Тұран» университетінің колледжі атынан директордың орынбасары Эмирова Х.С қатысты.







