Список учреждений

Кәсіптік білім беру ұйымдарының І Еуразиялық Конгресінің қортындылары

30 қазан 2015

ЕК конгресс барысында болашақ мамандарды дайындаудың тиімді технологиялары мен механизмдері оларды  жоспарлаудың тиімді нысандары, кәсіптік білім беруді дамытудың ортақ бағыттары туралы ашық ақпараттарды алмасу жүргізіліп, мамандардың , қызметкерлер мен жұмысшылардың біліктілігін сертификаттау мен құзіреттіліктерін бағалау мәселелеріне байланысты проблемаларға көңіл аударылып, конгресс барысында кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің ғылыми – тәжірибелік , инновациялық қызметінің нәтижелері көрсетілді.

Қарым –қатынас алаңы мен форсайт барысында көтерілген мәселелерді тыңдай отырып, конгреске қатысушылар  болашақ ынтымақтастықтың келесі бағыттарына айырықша назар аударды:

  • болашақ мамандарды, қызметкерлер мен жұмысшыларды дайындауға байланысты жұмыс берушілер, билік өкілдері, конгресс ауқымында ғалымдардың қатысуымен  проблемалық мәселелерге қатысты қоғамдық талқылау, ғылыми –практикалық конференциялар, бұқаралық оқулар, семинарлар, қарым- қатынас алаңы т.б. пікірталас аймағын ұйымдастыру;
  • экономикалық интеграция жағдайында кәсіптік білім беру ұйымдарының даму бағдарламаларын жобалау;
  • ортақ кәсіби білім беру кеңістігінде кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына арнайы қосымша білім беруді ұйымдастыру;
  • кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары үшін кәсіби бағдарланған конкурстарды ұйымдастыру мен өткізу;
  • студенттер үшін  жұмыс берушілердің қатысуымен құзіреттілікке бағдарланған олимпиадалар,конкурстар, ғылыми –практикалық конференциялар ұйымдастыру;
  • Еуразиялық қауымдастық кеңістігінде кәсіптік білім беру қызметін жүзеге асыратын мамандар ,қызметкерлер мен жұмысшылардың  біліктілігін  сертификаттау мен тәуелсіз бағалау механизимдерін жобалау
  • мамандар дайындау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған кәсіптік білім беру ұйымдарының желілерін құру, әлеуметтік- педогикалық жобаларды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен жоо ашу;
  • кәсіптік білім беру ұйымдарының педогогтарының ортақ білім беру ресурстарын қалыптастыру және оны тұрақты толықтырып отыру;
  • Негізгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын, білім беру үрдісінің , білім беру ұйымдарының сапасын тәуелсіз сараптаумен айналысатын ортақ тәуелсіз сараптама қауымдастығын құру;