7 ақпан 2016
6 ақпанда «Тұран» колледжінде «Турания» ғаламшарына саяхат» ашық есік күні өткізілді. Қонақтар колледждегі оқушылардың қызықты өмірі мен жекелеген мамандықтардың қыр-сырымен танысты. Әсіресе, құқық қорғау органдары, бухгалтер, қаржыгер, аудармашы, бағдарламашы, менеджер, маркетолог мамандықтарының тылсым сырларымен танысты. Мектеп оқушылары мен ата-аналар әр түрлі сайыстар мен викторина сұрақтарына жауап берді, ән шырқап уақыттарын қызықты өткізді. «Тұран» колледжі ұжымына алғыс сезімдерін білдіріп тарасты.



