9 ақпан 2016
Үстіміздегі аптада колледжде қызықты да, жарқын іс –шаралар өткізілді. Әртүрлі мамандық иелері ағылшын тілінде өз өнерлерін көрсетті. Бірінші күні «Ағылшын тілінің білгірі» деген атаққа «The Adams Family», «Mercury», «Nuclear Wind» үш топ тартысты ойын көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша «Nuclear Wind» командасы жеңімпаз атанды..
Әйгілі музыкалық топ «The Beatles» құрылуы мен шығармашылығы туралы «Аударма ісі» мамандығы студенттері қызықты іс –шара өткізді.Қатысушылар өнерлі топтың хит –әндерін еске алып, ән салып, сазды әуенмен би –билеп көрермендерді қызықты әсерге бөледі.



