6 сәуір 2016
«Тұран» университеті колледжінің білім алушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мұражайына саяхат жасады, саяхатта банкноттардың даму кезеңдері, Жібек жолынан заманауи Қазақстанның валютасының кезеңдері жайлы тақырыптар қамтылды.
Ұлттық банк қорында 5 мыңнан артық экспонаттар бар, соның ішінде;
- «Алтын адам» макеті;
- 1898-99 жылдары шығарылған Николай II патшаның кескінімен бейнеленген 5-10 рублдегі тиындар;
- Ұлы Петр, Екатерина II, Николай II, Александра II кескіндеріндегі тиындар;
- Австро- Венгрия, неміс рейхсмаркалары, орыс- польски тиындары, Қытай, Польша, Мексика тиындары;
- Кеңес билігі құрылған кезеңдегі тиындар мен бонкноттар: 1918 жылғы «опиумные деньги» деп аталатын және 1920 жылғы «шелковые деньги» шығарылымдар;
- жақын және алыс елдердің ақша белгілері;
- Қазахстандық тиындар;
- Банкноттық фабрика өнімдері;
- Ұлттық Банк филиалдарының қызметтерін сипаттайтын альбомдар;
- Жақын және алыс шет елдерден келген қонақтардың Ұлттық Банкке сыйлаған сыйлықтары және басқа да көптеген экпонаттар.












