15 сәуір 2016
15 сәуір 2016 жылы «Тұран» колледжінде «Екі жұлдыз» атты вокалдық байқау өткізілді.
Оқытушы мен студенттен құрылған 10 дуэт сахнаға шығып, өздерінің шеберліктері мен таланттарын көрсетті. Дуэттер өздерінің сүйікті әндерін орындады. Байқауға қатысушылар әртүрлі нөмерлер көрсетті. Байқау тек әдемі әнмен ғана шектелмей, кішігірім қойылымдармен көрсетілді. Көрермендер қатысушыларды өздерінің ыстық ықыластырымен қарсы алып, қолдау көрсетті.
"Екі жұлдыз» байқауының жеңімпаздары: Жунусова Жаннур Серикхановна мен Полякова Натали.



