Список учреждений

Алматы қаласындағы техника және робототехника жұмысы бойынша 3-і ашық чемпионаты

30 сәуір 2016

    29 сәуір 2016 жылы оқушылар сарайында ғылыми-техникалық шығармашылық және 2017 ASTANA EXPO көрмесіне арналған оқу орындары арасында техниканың жұмысы мен энергияны үнемдейтін технология бойынша Алматы қаласының 3-і ашық чемпионаты өтті. Чемпионатқа Алматы, Қарағанды, Жаңаөзен қалаларынан, Ақмола облысынан 199 команда қатысты.

Чемпионат үш бағытта жүргізілді:

  1. Энергияны үнемдеуші немесе жарықты үнемдеуші технологиялар (EXPO-2017);
  2. Шығармашылық инженерлік жобалар;
  3. Техника жұмысы

Шығармашылық инженерлік жобаны «Тұран» колледжінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2 курстың екі командасы көрсетті.

Команда құрамында Абдримов Руфат, Ерболұлы Рустам, Сейлхан Алим мен Иванов Никита 14 пен 18 жас аралығында 1-ші орын алды.

Чемпионатқа белсенді қатысқан Тилвалдиев Тахир, Куцнер Владимир, Крюков Алексей, Неделько Николай және  Чересленко Даниил мадақтама қағазымен марапатталды. Қазылар алқасы техникалық жүйе жұмысының макетіне және олардың бағдарламалаудағы ерекше тәсілін, жобалардың ерекшелігін атап өтті.