Список учреждений

Әскери-спорттық іс-шара

7 мамыр 2016

    6 мамыр 2016 жылы «Тұран» колледжінде Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына, ҚР Қарулы күштерінің 24 жылдығына орай әскери-спорттық іс-шара өткізілді. Бірінші курс білім алушылары алғашқы әскери дайындық және спорттық жарыстардан өз білімдерін ортаға салды. «Хакеры», «Следопыты» және «Прокуроры» үш топ Калашников автоматын құрастыру, көздеп ату, жаралы адамға қандай көмек көрсету керектігі сияқты жарыстар бойынша сынға түсті. Көрермендер өз командаларына ыстық лептерімен қолдау көрсетті. «Прокурорлар» тобы жеңіске жетті.