Список учреждений

Бірінші курс студенттеріне арналған мерекелік шара өткізілді

2 қыркүйек 2016

    2-ші қыркүйекте «Тұран» университетінің колледжінде бірінші курс студенттеріне арналған мерекелік шара өткізілді. Білім корпорациясының құрылтайшысы Рахман Алшанұлы Алшанов салтанатты сөз сөйлеп, студенттерге еліміздің еңбек нарығына лайықты мамандар болуларына ыстық ықыласын білдірді. Сондай –ақ колледж директоры Хрестина Христина Владимировнада сөз сөйлеп, құттықтады. Салтанат соңында колледж табалдырығын алғаш аттаған студенттер үшін алғашқы қоңырау соғылып, дәрісханаларға шақырылды.

Бізде студенттерге оқуда табыс және қызықты да мазмұнды студенттік өмір тілейміз!