Список учреждений

СТРИТБОЛ БОЙЫНША ТУРНИР

17 қазан 2016

   17 қазан 2016 жылы  «Тұран» университетінің колледжінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Алматы қаласының 1000 жылдығына, Бостандық ауданының 50 жылдығына, «Тұран» университі колледжінің 15 жылдығына орай Алматы мектеп оқушылары арасында стритбол бойынша жарыс өткізілді.

Турнирге төмендегідей мектеп командалары қатысты: №45 ЖББМ №45, №63 ЖББМ,  №70 ЖББМ, №12 МГ, №129 ЖББМ, №21 МГ, №38 Қазақстан – ресей гимназиясы, №68 МГ,  №33 МЛ және «Тұран» университетінің колледжі.

Төрешілердің шешімімен төмендегідей командалар жеңімпаз атанды:

1 орын - №12 мектеп- гимназия

2 орын – №21 мектеп– гимназия

3  орын -  №68 мектеп– гимназия

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және табыс тілейміз!