Список учреждений

Экономикалық пәндер апталығы

18 қараша 2016

15 –ші  қараша мен 18-ші қараша аралығында «Тұран»  университетінің колледжінде экономикалық пәндер апталығы өтті.

Пән апталығы шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. Ұлттық валюта күніне орай білім алушылар Ұлттық валютаның еңгізілуімен танысты.
  2. Университеттің оқытушылары мен студенттері  және бітіруші топ білім алушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілген  Тұран университеті «Қаржы», «Есеп және аудит» кафедрасының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
  3. Бірінші курс білім алушылары «Экономикада ойнайық» атты қызықты викторинаға қатысты. Бірінші курстар экономика саласы бойынша алған білімдерін көрсетті.
  4. «Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру» тақырыбында екінші және үшінші курс білім алушыларымен Еуразия банк өкілдерінің кездесуі өтті.
  5. «Экономикалық пәндер» апталығының қорытынды кезеңі  «Есеп және аудит» мамандығының екінші курс білім алушыларының шығармашылық қабілетін көрсетудегі «Қаржылық қиял» атты шоу-ревю болды.