14 желтоқсан 2016
Осы кезең аралығында біздің Республикамыздың негізгі жетістіктері концерттік бағдарламада көрініс тапты. Өз еліне деген мақтаныш сезімін ұялатуда патриоттық тақырыптағы өлеңдер мен музыкалық нөмерлер өз ықпалын тигізді. Білім алушылар мен оқытушылар Алматы қаласының оқушылар сарайының домбыра ансамблінің орындауында «Адай», «Балбырауын» күйін және Сейл Айдананың орындауында гобой оркестрімен А. Вивальдің шығармасын тыңдады. Қазақ халқының әсерлі де лирикалық билерін, 1 және 2 курс білім алушыларының орындауында флешмобты ду қол шапалақ сүйемелдеді. Білім алушылар «Көк тудың желбірегені» әнін хормен айтып аяқтады.



