Список учреждений

Жастар практикасы

14 желтоқсан 2016

14 желтоқсан 2016 жылы «Тұран» университетінің колледжінде біздің  колледждің бітіруші түлектерімен  Бостандық ауданының Коммуналдық мемлекеттік мекені «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының» маманы Қаирбекова Раушангуль Сайдахметовнамен кездесу өткізілді. Кездезудің басты тақырыбы «2020-бизнестің жолкарталары » бағдарламасы аясында «Жастар практикасы» іс шарасын іске асыру болды.

Жастар практикасы  - білім беру ұйымының түлектерімен жүзеге асырылатын алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыратын еңбек қызметінің түрі.

Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру немесе ұсыну арқылы ұйымдастырылады және келесі ерекшеліктерге ие:

1.Жастар практикасы – оқуды бітіргеннен кейін  3 жыл аралығында алған мамандықтары бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін арнайы тағайындалған.

2. Жастар практикасының қатысушыларына еңбек ақысы республикалық немесе жергілікті бюджеттің қаражат есебінен, сонымен қатар ҚР-ң заңнамасында тиым салынбаған көздерінен жүргізіледі.

3.Жұмыс орындары шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін жұмыс орындары және бос жұмыс орындары пайдаланылады.

«Тұран» университеті колледжінің білім алушылары оларға қызықты сұрақтар қойып, осы іс-шараға белсенді қатысты және осының нәтижесінде берілген бағдарлама бойынша колледжді бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттар алды.