Список учреждений

"IT SUPPORT GROUP" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСУ

10 қаңтар 2017

    10 қаңтар 2017  жылы «Тұран» университетінің колледжінде  "IT SUPPORT GROUP" ЖШС бас директоры Белимов Алексей Юрьевич «Ақпараттық жүйелер» мамандығында оқитын оқушылармен кездесу жүргізді. "IT SUPPORT GROUP" компаниясы клиенттің кеңседе үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін «бір терезе» форматында тиімді IT шешім кешенін ұсынды.

Кездесу барысында IT қызметі мен компьютердің техника сервисі туралы мәселелер талқыланды, білім алушылар жаңашыл IT  мамандары қандай құзіреттерге ие болуы және берілген ұйымда кәсіптік практиканы өту мүмкіндіктері туралы ұсынымдар алды.