11 ақпан 2017
11 ақпанда сағат 13.00 «Тұран» университеті колледжінің акт-конференция залында «Заманауи маркетолог қызметінің практикалық ерекшеліктері» атты тақырыпта отырыс өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысқандар:
- «Global Building Contract» құрылыс компаниясының стратегиялық маркетингінің бастығы Мария Демина «Құрылыс бизнесі саласында маркетингтік қызметтің ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйледі.
- «Challenger Group» жарнама-өндіріс бірлестігінің директоры Айтуарова Асия «Мен-табысты маркетологпын» атты тақырыпта сөз сөйледі.
- «Тұран» университеті колледжінің «Маркетинг» мамандығының 2, 3 курс оқушылары.
Оқушылар құрылыс бизнесі саласында маркетингтік қызметтің ерекшеліктері жайлы ақпараттар алды. Дөңгелек үстелдің спикерлері біздің оқушыларымыздың қойған сұрақтарына жауап берді. Ең белсенді оқушылар «Global Building Contract» компаниясынан бағалы сыйлықтар алды.



