13.02.17-17.02.17 жыл аралығында «Тұран» универсиетінің колледжінде құқықтану пәндерінің апталығы өтті.
13.02.17. оқытушы Ж.Г. Ибрагимованың жетекшілігімен «Заңгер ісі» атты интеллектуалдық-практикалық ойын өткізілді. 0201000 «Құқықтану» мамандығының 3 курс оқушылары «Қылмыстық құқық», «Қылмыс негіздері» және «Әкімшілік құқық» салалары бойынша алған білімдерінің нәтижесін көрсетті.
«Тұран» университетінің гуманитарлық-заң факультетінің өкілдері 14.02.17 жылы «Тұран» университетінің «Құқықтану» мамандығының болашақ түлектерімен кездесу өткізді. Қатысқандар: «Заң және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымының кандидаты Рехсон Светлана Николаевна; «Заң және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымының кандидаты Амиров Нурлан Кузембаевич; «Заң және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымының кандидаты Торгаутова Балгын Амирбековна; «Заң және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымының кандидаты Мухаметалин Самат Нурмуканович. Оқушылар «Заңгердің қызметі» атты тақырыпта дәріс тыңдады және «Тұран» университетінің «Заңтану» мамандығына түсу үшін сұрақтар қойылып, пікір алмасты.
15.02.17 ж «Құқықтану» мамандығының 3 курс оқушылары заң пәндері оқытушыларының жетекшілігімен қылмыстық іс бойынша сот процесін көрсетті.
16.02.17 жылы «Заңгер қызметінің тәжірибелік ерекшелігі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар:
- Арстанова Ж.Н. – Іле ауданының соты;
- Оралхантегi Г.Р. – Алматы қ. нотариусы
- Жармаханбетов Ж.Н. – Бостандық ауданының прокуры;
-Абраев М.С. – Алматы қ. мамандандырылған ауданарлық соты;
- Шымберген А. – отставкадағы подполковник, қылмыстық істер бойынша адвокат
Заңгерлер оқушыларымыздың барлық сұрақтарына жауап берді.
17.02.17 жылы СПР-14-1 тобының оқушылары Алматы қаласы Медеу ауданы сотының екі азаматтық прцесіне қатысты.







