Список учреждений

Әдістемелік апталық

28 ақпан 2017

    2017 жылдың 20-27 ақпан аралығында «Тұран» университетінің колледжінде «Заманауи ақпараттық технологияның білім беру үрдісіндегі рөлі» атты әдістемелік апталық аясында «Ақпараттық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану» атты тақырыпта ашық сабақтар өтті.

Әдістемелік апталық кезінде   педагогика  ұжымы сабақтың құрылымы мен мазмұны жағынан әртүрлі сабақтарға қатысты.

Оқытушылар өздерінің сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Жас маман А.В. Живица «Индия, Индонезия. Непал» тақырыбында Оңтүстік, Оңтүстік-Азия елдеріне виртуалды саяхат жасады.

 Н.С. Қыдыркожаева «Қылмыс негіздері» пәні бойынша «Қылмыс болған жерді зерттеу» тақырыбында ойын элементін ұйымдастырды. Оқушылар дактилоскопиялық сараптама және фото робот жасады.

Оқытушы И.В Главанның  «Жеке мүлік салығы» атты сабағында оқушылар салықты қалай есептеу керектігін және ситуациялық есептерді шешудің жолдарын үйренді.

Барлық өткен ашық сабақтар әдістемелік апталықтағы өзекті мәселелерді қамтыды.