Список учреждений

ҚМБКОО «Тверь сервис және туризм колледжі» делегациясымен кездесу

16 наурыз 2017

   2017 жылдың 12 наурызында «Тұран»  Университеті колледжі ҚМБКОО Тверь сервис және туризм колледжінің оқушылары мен оқытушыларынан құралған   делегаттарымен кездесті. Екі колледж  2015 жылдан бері бірлесіп  жұмыс істейді.

Қонақтар  біздің елімізде 5 күн болып, оқушылардың баспасөз-конференциясына қатысты, «Тұран Сұлтаны - 2017» байқауын тамашалады,  Наурыз мейрамын бізбен бірге тойлап, еліміздің мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты.  Алматы қаласы мен Алматы облысының көрікті жерлеріне саяхат жасады.

«Тұран» Университеті колледжінің оқушылары  қонақтарды жылы қабақпен қарсы алып,  достасып кетті.