15 наурыз 2017
Бүгін «Тұран» университетінде біздің колледжіміздің түлектері үшін ашық есік күні өтті. Жоғары оқу орынына түсудің жаңа ережелері туралы презентация, кешенді тест тапсырудың ерекшеліктері және «Тұран» университетіндегі туыс мамандықтар бойынша оқуын жалғастырушыларға ұсынлатын артықшылықтар жайлы айтылды. Сондай-ақ түлектер мамандандырылған орталықта кешенді тестілеу тапсыруға дайындық мүмкіншіліктері жайлы білді.
Презентациядан кейін студенттер көтеріңкі билер биледі және бірнеше көңілді де қызықты байқаулар өткізді.



