Список учреждений

Ақпараттық технологиялар және техникалық пәндер ЦӘК апталығы

17 наурыз 2017

   2017 жылдың 13-17 наурыз аралығында «Тұран» университеті  колледжінде Ақпараттық технологиялар және Техникалық пәндер ЦӘК  апталығы өтті.

Апталығының міндеттері:

-пәнге оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру,  танымдық белсенділіктерін арттыру, олардың  көркемдік, эстетикалық шығармашылықтарын  дамыту,  оқушылардыі бос уақыттары мен демалыс уақыттарын белсенді ұйымдастыру, білімдерін жетілдіру, терееңдеті, кеңейту;

- заманауи компьютерлік техниканы меңгеруге қызығушылықтарын  дамыту және компьютерлік технологияларды өмірде және кәсіби қызметте ұтымды пайдалана алуға үйрету;

Апталықты өткізу барысында түрлі іс-шаралар  яғни  информатика пәнінен олимпиада, шығармашылық байқау, «Білгірлер турнирі», «Не? Қайда? Қашан?», «Өз ойыным», «Информатикалық эрудит» тақырыптарындағы зияткерлік ойындар,  «Тұран» университетінің Ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушыларымен кездесу өткізілді.

Апталықтың барлық бағдарламалары қызықты өткізілді,  танымдық ақпараттар мол болып, оқушылардың  шығармашылық белсенділігін мен  коммуникативтік мәдениетін дамытуға зор ықпал етті.