10-15 сәуір аралығында колледжде Тілдер ЦӘК апталығы өткізілді. Іс-шараның мақсаты:
- оқушылардың пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру және танымдық белсенділіктерін арттыру;
- шет тілдерін меңгеруге қызығушылықтарын күшейту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, филологиялық және лингвистикалық білімді тереңдету.
Апталықта төмендегі іс-шаралар өткізілді:
- «Who is the cleverest?» сауалнамасы
- Туран университеті Журналистика және аударма департаментінің өкілдерімен кездесу
- Ағылшын және американдық әндер фестивалі
- «Chufa» қытай каллиграфия конкурсы
- «Cinderella» театрлық қойылымы
- Алматы қалалық колледждері арасында ағылшын тіліндегі олимпиада.
Жоғарыда аталған барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді. Апталықта оқу жоспарындағы арнайы пәндерді тереңдете, зерттеп оқу ғана емес, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру да қолға алынды.



