2017 жылдың 18-19 сәуір аралығында «Тұран» университеті колледжінде Алматы қаласының орта мектеп оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне арналған мини-футболдан жыл сайынғы турнир өтті!
Жеңіске 16 құрама команда таласты. 14 ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
1 орын - №172 мектеп-гимназияның командасы
2 орын - №153 мектеп-гимназияның командасы
3 орын - №100 ҚМУ командасы және № 129 ҚМУ командасы
Номинация бойынша жеңімпаздар:
«Үздік қорғаушы» - Тұрсынов Исмат (Қ.С.Сәтбаев атындағы №129 орта мектебі), Жарулеев Исажан (№15 мектеп-гимназиясы)
«Үздік ойыншы» - Усенов Мәди (ҚМУ-нің №100 мектебі)
«Үздік бомбардир» - Қайрат Диас (№172 мектеп-гимназиясы)
Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және спорттық жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізуге тілектеспіз!



