Список учреждений

Наурыз мейрамы

21 сәуір 2017

    2017 жылдың 21 сәуірінде «Тұран» университеті  колледжі «Наурыз» мерамын тойланды. Наурыз мерекесі -  адамдардың теңдігін, еркіндікті, демократияны, достықты бейнелейді. Көктемнің шуақты күнімен қатар келетін бұл мерекеде колледж  оқушылары  мен оқытушылары бір дастархан   басында бас қосты. Дастархан ұлттық тағамдарға толы болды. Мерекелік көңіл-күймен оқушылар қазақ, ұйғыр, кавказ бтлерін билеп, мерекенің сәнін келтірді. Мерекенің соңында колледждің барлық  оқушылары қазақтың ұлттық «Қара жорға» биіне  керемет флеш-моб би ұйымдастырып, мерекенің көркін қыздырды.