5 мамыр күні 28-Панфиловшылар саябағында «Тұран» университеті колледжінің оқушылары «Өлмейтін полк» - Әскери-патриоттық шеруін ұйымдастырды. Оқушылар Ұлы Отан соғысында елді қорғаған жауынгер ата-бабалардың порттерттеріне тағзым етіп, шеру жасап өтті.
Оқушылар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
«Артымызда Мәскеу» Даңқ мемориалы 1941 жылдың қараша айындағы ерлік күндерін еске түсірді. Волоколамск тасжолындағы панфиловшылар фашистердің танкілеріне шабуылдарын тоқтатып, олардың Мәскеуге өтуіне жол бермеді.
Оқушылар соғыс жылдарындағы әндерді айтып, әскери тақырыптар бойынша заманауи композицияларды орындады. «Жеңіс күні» әніне концерттік қойылым көрсетіп, шеруді аяқтады.
Оқушылардың басым көпшілігі бүгінгі шеруден алған әсерлерін жасыра алмай, тағы да әскери әндер мен фильмдерді еске түсіру үшін саябақта қалуды жөн санады.



