Список учреждений

HSK - қытай тілінен емтихан

19 мамыр 2017

   Тұран колледжінің «Аударма ісі» мамандығының оқушылары HSK - қытай тілінен 1,2,5 деңгейді  растайтын  халықаралық  емтиханын  тапсыру үшін өтінім берді.  35 оқушы  емтиханнан сәтті өтті және HSK сертификаттарын алды (汉语 水平 考试).

    Ең жақсы нәтижені мына  топ оқушылары  көрсетті:

СПД-16-1 - Мұхтарұлы Арман, Сун Чин, Норина Диана. (HSK -1,2 деңгей)

СПД-16-2 - Стариков Анатолий, Ибрагимова Халима, Коршевская Виктория, Якупова Тахмина (HSK -1,2 деңгей)

СПД -16-5 - Амангелдиева Алина, Серіқызы Ганел (HSK-2 деңгей)

СПД -16-3 - Хасанова Рената (HSK-5 деңгей)

СПД -15-3 - Карболина Арина (HSK -1 деңгей)

HSK - қытай тілінен емтихан

汉语 水平 考试 - HSK және  Chinese Proficiency Test – қытай тілін меңгеру кезінде тапсырылатын  халықаралық тест.  Аталған  емтихан қытай тілін  жетік білетіндерге емес, шетелдіктерге, қытайлық  көшіп-қонушыларға және өытай тілін аз білетін өзге ұлт өкілдеріне, сондай-ақ қытай тілін өмірде, оқуда,  жұмыс жағдайында пайдалатындар үшін арналған.

HSK сертификаты Қытайдағы университеттерге немесе басқа оқу орындарына түсерде, сондай-ақ жұмысқа орналасу кезінде  қытай тілін білу деңгейін растайды.

Тест Beijing Language and Culture University тарапынан әзірленген  және 1992 жылдан бері қолданылады.

Қазір әлемнің 70 елінде және аймақтарында 260-ға жуық емтихан қабылдайтын орындар бар және Қытайдың 35 қаласында осындай тест тапсыруға мүмкіндік бар.  2010 жылдың наурыз айынан бастап, Еуропада қабылданған Жалпы еуропалық шет тілдеріне негізінде (CEFR) тестілеудің жаңа форматы қолданылады.