Список учреждений

Жалпы білім беретін және гуманитарлық пәндерінің әдістемелік апталығы

5 мамыр 2017

Жалпы білім беретін және гуманитарлық пәндерінің әдістемелік апталығы

(02-05 мамыр, 2017)

Әдістемелік апталықтың аясында тәрбиелік және  патриоттық іс-шаралар өткізілді:  А. В Байқадамовпен кездесу - генерал Панфиловтың немересі, Әскери даңқ мұражайына саяхат, «Қазақстанның көрнекті тұлғалары» тақырыбындағы  жасөспірімдер арасындағы презентациялар байқауы,  Отан қорғаушылар  күніне орай  «Алға жігеттер» байқауы, Отан соғысының 72 жылдығына арналған «Өлмейтін полк» - Әскери-патриоттық шеруі.

            Колледж оқушылары  мерекелік іс-шараны өткізуге үлкен қызығушылық танытты, генерал Панфиловтың өмір жолы туралы сұрақтар қойып, тың мәліметтермен сусындады,  соғысқа қатысқан өздерінің ата-әжелері туралы  мағмұлаттарды іздеді. Отбасылық мұрағаттарын ақтара отырып, оқушылар көп нәрсе білді деуге болады.  «Қазақстанның көрнекті тұлғалары» байқауында оқушылар  өздерінің отбасылық-әскери суреттерімен таныстырды.

«Өзіміздің адамдар» тәжірибелік сабағы оқушыларға да, оқытушыларға да қызықты болды.  Қатысушылар өзге адамдармен қарым-қатынас жасап, тәжірибие алмасты.

Оқушылар «Алға, жігіттер!» байқауына өте белсенді қатысып, әскери-спорттық эстафетаны өте жоғары деңгейде өткізді, олар қару-жарақты ашу, жинау, алғашқы медициналық көмек көрсету сынды байқауларды қызығушылықпен, талпыныспен орындады. Әдістемелік апталықта өткізілген барлық іс-шаралар әскери, патриоттық,  мәдени тәрбиені паш етті. Оқушылар әскери   тақырыптағы әндер орындап, өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқыды.  

Оқушыларымызға білімде толағай табыстар тілейміз!