Дипломатиялық турнир
« БҰҰ моделі. TURAN INTERNATIONAL MODEL UNITED NATIONS 2017»
Тұран университетінде 28-30 сәуір аралығында «БҰҰ-TURAN INTERNATIONAL MODEL UNITED 2017» халықаралық дипломатиялық турнирі өтті, БҰҰ моделі бүкіл әлемдегі мектеп оқушылары мен студенттерін біріктіретін халықаралық қозғалыс. Заңгер, дипломат, журналист, мемлекеттік немесе қоғам қайраткері ретінде мансапты армандайтындар ересектерше саясатпен айналысу үшін жиналды.
Тұран университетінде БҰҰ моделіне қатысушы - делегаттар, төрағалар, байқаушылар мен сарапшылар өздерін БҰҰ-ға мүше елдердің ресми өкілдері мен халықаралық ұйымдардың мүшесі ретіде сөз сөйлеу және олар өздерінің комитеттерінің күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау үшін конференцияға келген болатын. Сессия отырысында делегаттар өздерінің жеке көзқарастары туралы айтып, өздері ұсынған елдің ресми позициясын қорғады. Әрбір комитеттің түпкі мақсаты – көтеріліп отырған өзекті мәселе бойынша ұтымды шешім қабылдай білу болып табылады. Конференцияда 6 комитет ұсынылды: БҰҰ Даму бағдарламасы, Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссия, Заң комитеті, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Әлеуметтік-гуманитарлық мәселелер және мәдениет жөніндегі сұрақтар комитеті, Қауіпсіздік Кеңесі. Аталған конференцияға «Тұран» университеті колледжінің «Аударма ісі» мамандығыныі 2-3 курс оқушылары қатысты:
1. Айданова Алтынай СДП 14-2
2. Хохлова Анасатия СПД 15-3
3. Попович Александр SPD 15-3
4. Шолохова Александра СПД 15-3
5. Тахтиев Рашит СПД 15-3
6. Файзакова Зарина СДП 15-4
7. Opolonec Nadezhda SPD 15-4
Комитеттердің ішкі дауыс беру нәтижесінде Айданова Алтынайға ең жақсы делегат атағы берілді. Сондай-ақ барлық қатысушылар сертификаттар алды. Конференция жұмысын БҰҰ өкілдері мен қатысушылардың өздері жоғары бағалады.




