Список учреждений

Белсенділер демалысы

26 мамыр 2017

   

«Тұран» университеті колледжінде 2016-2017 оқу жылында  колледждің  шығармашылық, ғылыми, спорттық, қоғамдық  өміріне, сондай-ақ үгіт-насихат бригадасының жұмыстарын белсенді түрде атқарған оқушыларды дәстүрлі түрде марапаттау шарасы өткізіліп, естелік сыйлықтар берілді.

Оқу жылында аянбай еңбек еткен оқытушы-кураторлар  да марапатқа ие болды:

Жылдың үздік кураторы - Ким Татьяна Евгеньевна ;

Жылдың ең адал және қатаң кураторы - Мамонтова Элина Викторовна;

Жылдың ең белсенді және мейірімді кураторы  - Ефимова Елена Владимировна;

Жылдың ең шығармашыл және түпнұсқа  кураторы -  Гуслякова Ксения Геннадьевна.

СУ-16-1,2 топтары «Жылдың үздік тобы» атағына ие болып, «Тау Тұран» оқу-сауықтыру орталығына бару туралы сертификатпен марапатталды.     

Белсенділерімізге  еңбектері  үшін алғыс айтамыз!