23 қыркүйекте «Тұран» университеті колледжінің 2-3 курс оқушылары Түрген шатқалында болып қайтты. Тур барысында оқушылар Түрген шатқалының табиғатымен, өлкенің тарихымен танысты. Ашық аспан астында орналасқан тарихы мәні бар мұражайдағы сақ мәдениетінің археологиялық ескерткіштер көріп, Қазақстан Республикасының ұлттық символына айналған, атақты «Алтын адам» мүсінін, Сақ жауынгерінің мүсіндерін, қорғандар мен қорымдарды тамашалады.
Оқушылар туристік бағытты Қайрақ сарқырамасына барумен жалғастырды.
Осындай тамаша жерлерге саяхат жасаған туристер үшін бұл сапар танымдық сапар болды: таңғажайып табиғат, қатпарлы жартастар, Қайрақ сарқырамасының күші, ғажайып сұлулық ұлылығы туристерге жақсы көңіл-күй сыйлады.










