Список учреждений

Турситік пәндер ЦӘК апталығы

11 қазан 2017

   02-10 қазан аралығында  туризм ЦӘК пәндері бойынша апталық өткізіліп,  апталық шеңберінде мынадай іс-шаралар ұйымдастырылды:

1. «Жолда, жолда!» 1-2 курс оқушылары арасында Спорттық туризм бойынша жарыс;

2. «Туризм» мамандығының 4 курс студенттерінің 2017 түлектерімен кездесуі;

3. «Туризм» мамандығының 4 курс студенттері арасында кәсіби біліктілік байқауы;

4. «Тұран» университетінің «Туризм» кафедрасының меңгерушісі Г.К  Ерубаевамен кездесу;

Спорттық туризм бойынша жарыста  1-ші және 2-ші курс студенттерінің командалары тамаша спорттық жаттығулар мен туристік дағдыларды көрсетті.  Жеңімпаз команда «Легион» (с. CT 16-1 / 17-C), 2 орын «Қызыл Дельфин»  командасы (с. SC-17-1) алды.

Колледж түлектерімен кездесу жылы және достық жағдайда өтті.  Біздің түлектер өз жетістіктерімен және кәсіби қызметінде табыстары туралы әңгімеледі.

Кәсіби біліктілік байқауында 4 курс студенттер туризм саласында өздерінің  білімдері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Байқаудың жеңімпазы -  СТ-14-2 тобының студенті Задубровская Виктория.

«Тұран» университетінің «Туризм» кафедрасының меңгерушісі Г.К.  Ерубаевамен достық  кездесу  өтті. Кездесіде  Г.К. Ерубаева болашақ туризм саласының түлектеріне осы мамандықты университетте жалғастыру мүмкіндіктері туралы баяндап,  кафедраның барлық іс-шараларына белсенді қатысуға шақырды.