Бостандық ауданында шығармашылықтан тыс мамандықтарды оқытатын колледждер арасында «Жас өркен» фестиваль байқауы өткізілді. Аталған фестиваль байқауға «Тұран» университеті колледжінің оқушылары қатысты.
2017 жылдың 9-қазанында фестиваль байқау салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға қатысушылар Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаевамен кездесті.
- Биылғы жылғы «Жас өркен» фестивалі Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілуде. Іс-шараның идеясы - ұлттық мәдениет пен өнерді танымал етіп паш ету. Фестиваль мәдениеттің дамуына жаңа серпін беріп, жас таланттарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашатындығына мен сенімдімін. «Жас өркен» - өнерді дамытудың тағы бір маңызды көрсеткіші», - деді Маржан Балбаева.
Екі күн бойы Бостандық ауданының 11 колледжінен келген оқушылар көркем оқу, вокал және эссе байқауынан үш номинация бойынша жарысқа түсті.
Бүгін әділқазылар алқасының шынайы шешімі бойынша 53 қатысушы үздік деп танылып, екі номинация бойынша Тұран колледжінің оқушылары жеңіске жетті.
- «Вокал» номинациясы бойынша 1 орынды СT-16-1 тобының оқушысы Коганов Юлия алды.
- «Эссе» номинациясы бойынша 1 орынды СФ-17-1 тобының оқушысы Нұрмұхамбетов Абзал алды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және оларға шығармашылық жеңістер тілейміз !!!






