Список учреждений

Әдістемелік апталық

25 қазан 2017

    23 қазанда колледжде «Оқытушы шығармашылығынан, оқушының шығармашылығына дейін» атты  тақырыпта әдістемелік апталық өтті. Апталықта семинар өткізіліп, оқытушылар педагогикалық технологияларды пайдаланудың жолдары туралы тәжірибелерімен алмасты, сондай-ақ ашық сабақтар өтті. ( мастер-класс).

Барлық ашық сабақтарда өзінің жаңашылдығы болды: оқу матареиалдарын игеруде, сабақ құрылымында және оқушыларды ұйымдастыру үлгілерінде. Ашық сабақ өткізген барлық оқытушылар өздерінің кәсіби шеберліктері мен тәжірибелерімен бөлісті. Шығармашылық, зерттеу, өзіндік жұмыстарға баса назар аударылды.