14 қараша 2017
2017 жылдың 14 қарашасында «Тұран» универсиетінің колледжінде құқық қорғау органдарының өкілдері оқушылармен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
Алматы қаласының Бостандық ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері полиция капитаны Е.Б. Абеу мен аға лейтенант Н.А. Елюбаев «колледж оқушылары арасында әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.



