Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ояту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Тұран» университетінің колледжінде 20.11. 17- 24.11.17 аралығында экономика пәндерінің ЦӘК апталығы өтті.
Апталықтың мақсаты:
- мамандыққа қызығушылықтарын арттыру;
- оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін жетілдіру;
- әртүрлі жастағы оқушылар арасында коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Төмендегідей іс-шаралар өтті:
15 қарашада Ұлттық валюта күніне, қаржыгерлер күніне арналған саяси ақпараттар жүргізілді. 3 курс оқушылары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының қалыптасу тарихы туралы толық ақпарат айтты.
20 қарашада оқытушылар Кондрат Е.В., Альмамедова Э.М. «Есеп және аудит» және «Қаржы» мамандықтары арасында кәсіби шеберлікті шыңдау байқауын өткізді. Байқауда оқушылар өздерінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» пен «Қаржы» саласыннан кәсіби шеберліктері мен дағдыларын көрсетті.
21 қарашада «Тұран» университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» және «Қаржы» кафедра өкілдері, «Қаржы» мамандығының агитбригадасы «Қаржы білгірлері» атты викторина өткізді.
22 қарашада оқытушылар Э.А. Альмамедова және Д.М.Тохтахунова 1 курс оқушылары «Есеп және аудит» мамандықтары үшін «Бизнес нөлден бастап» атты show-time өткізді.
23 қарашада Салық комитеті мен Экономикалық тергеу комитеті өкілдері колледж оқушыларын қаржылық сауаттылыққа насихаттау мақсатында кездесу өткізді.
24 қарашада «Қаржы» мамандығының түлектері Д.М. Тохтахунованың жетекшілігімен «Қаржы» мамандығының 1 курс оқушылары үшін Еvent - «Мафия» өткізді.



