24 қарашада «Тұран» университетінің акт залында КТА -2017 өтті.
2017-2018 КТА бірінші маусымдық ойыны өтті. Қатысқан командалар:
«Канагаттандырылмагандыктарыныздарики» командасы – «Құқықтану» мамандығы құрамасы, жетекшісі Ефимова Е.В.
«Матрица» командасы- «Ақпараттық жүйелер» мамандығы құрамасы, жетекшісі Скабай К.Н.
«Дети Колумба» командасы – «Туризм» мамандығы құрамасы, жетекшісі Мейер И.А.
«КМТС» командасы – «Аударма ісі» мамандығы құрамасы, жетекшісі Мельникова К.С.
«Ассорти» командасы - «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандығы құрамасы, жетекшісі Гуслякова К.Г.
«ЖМОТЫ» командасы – «Есеп және аудит» және «Қаржы» мамандығы құрамасы, жетекшісі Береснева И.В.
«Студенттік күзгі марафон» тақырыбында өткен ойынға колледждің оқушылары қатысты. Команда ойынының шарты бойынша үш байқау негізінде өткізілді. Сәлемдесу, көрініс, музыкалық байқау бойынша жеңімпаздар анықталынды. КТА қатысушыларды қазылар алқасы марапаттап, жылы лебіздерін білдірді.
1 орынды «Ассорти» командасы иеленді. «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандығы құрамасы, жетекшісі Гуслякова К.Г.
2 орынды «Дети Колумба» командасы иеленді. «Туризм» мамандығы құрамасы, жетекшісі Мейер И.А.;
3 орынды «Канагаттандырылмагандыктарыныздарики» командасы. «Құқықтану» мамандығы құрамасы, жетекшісі Ефимова Е.В.
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Үш финалист топтарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және табыстар тілейміз!
Ойын демеушілеріне де алғысымызды білдіреміз.














