Список учреждений

Спорт жарысы

9 желтоқсан 2017

  «Әлеуметтік және денсаулықты басқаруды дамыту орталығы», «Инфекциялық емес аурулардың тәуекел факторы бойынша волонтерлерді оқыту және салауатты өмір салтын насихаттау үшін дайындалған еріктілердің іс-шараларын ұйымдастыру»  аясында ЖОО мен техникалық және кәсіптік білім беретін орталықтары студенттері арасында физикалық белсенділіктерді арттыру, өз денсаулықтарына бейжайлық танытпау, сондай-ақ жастарды салауатты өмір салтын сақтауға үгіттеу мақсатында қыздар арасында волейболдан жарыс және ұлдар арасында шағын футбол жарыс  ұйымдастырды.

2017 жылдың 8 желтоқсанында «Тұран» университеті колледжінің қыздар құрама командасы 2 орынды иеленді.

2017 жылдың 9 желтоқсанында «Тұран» университеті колледжінің ерлер арасында ұйымдастырылған шағын футболдан 2 орынды иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және келешекте жеңістер тілейміз!