Список учреждений

Педагогикалық шеберлік!

18 қазан 2018

15 қазаннан бастап колледжде «Білім беру саласында  белсенді және интерактивті оқыту әдістерін жалпы және кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың маңызды шарты ретінде пайдалану» тақырыбында әдістемелік декада өтті.

Декада аясында «Білім беру саласында  белсенді және интерактивті оқыту әдістері» атты семинар ұйымдастырылды. 17 қазанда оқытушылар оқытудың  педагогикалық технологияларын, әдістерін пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Тәжірибелі оқытушылар  Попова Е.В., Доронина М.И., Бейсекова Н.А., Оласанова Р.К., Зординова З.М.  шеберлік-классын (ашық сабақтар) өткізді.
Оқытушылар сабақ беру барысында заманауи педагогикалық технологиялар мен әдістерінің элементтерін көрсетті. Ашық сабақтар шығармашылық, ынтымақтастық деңгейде өтті. Оқытушылар мен оқушылар ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.