Список учреждений

Мамандықтар фестивалі.

26 қазан 2018

2018 жылғы 22 қазаннан бастап мамандықтар фестивалі бастау алды.

Фестивальдің мақсаттары:

- мамандыққа және оқылатын пәндерге деген қызығушылықты дамыту;

- білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту;

- қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

«Экономикалық эрудцион», «Сот ісін жүргізу», «Cinderella» ертегісі (ағылшын тілінде), математикалық монополия, информатика бойынша «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойын, Маркетингтік қызметте толеранттылықтың өзгеру проблемасы» тақырыбында пікірталас шаралары өткізілді.

Бұл іс-шаралар оқу бағдарламасының шеңберінде арнайы пәндерді тереңдетіп зерттеуге ғана емес, білім алушылардың жеке қасиеттерін дамытуға да ықпал етеді. Олардың ойлау қызметін белсендіру, білім алушылардың оқуға деген ішкі ынталарының пайда болуына, әрі қарай өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге, оқытушылар мен білім алушылардың бірі-бірін біліп тануына ықпал етеді.