Бизнестің екі функциясы бар - маркетинг және инновация
0513000 «Маркетинг» (салалар бойынша) мамандығы
Сізде қарым-қатынас, шығармашылық, талдау дағдылары бар ма, әртүрлі мәселелерді шығармашылық тұрғыда шеше аласыз ба? «Маркетинг» мамандығы Сіз үшін! Осының барлығын игере білу- бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие маман болу.
Маркетолог - бұл нарықты, тұтынушылардың қажеттіліктері мен қалауын зерттейтін маман.
Кең мағынада, маркетолог - бұл маркетинг саласында жұмыс істейтін кез-келген маман.Бұл мамандық экономика, психология және әлеуметтік зерттеулерге қызығушылық танытатындар үшін қолайлы.
Маркетинг мамандығынан жарнамаланатын өнімдердің танымалдығы мен сатылым деңгейі, одан әрі қарайғы табысы байланысты, өйткені бұл өндірушіге тұтынушының қажеттіліктерін түсінуге және қанағаттандыруға көмектеседі.
Маркетологтың жұмысы көптеген жауапкершіліктерді қамтиды, бірақ олардың негізгісі болып:
Маркетолог - келешегі зор және шығармашыл мамандықтардың бірі. Маркетинг саласындағы диплом түлектерге табысты кәсіпкер болуға мүмкіндік береді.
Маркетолог, жоғарыда айтылғандай, компанияның сыртқы және ішкі жарнамалық және PR қызметін ұйымдастырумен және басқарумен айналысады.
Алайда, ірі компанияларда бұл жұмыс бір маманға тым көп - оны бүкіл бөлім орындай алады, оған мыналар кіреді:
Маркетолог жұмысы - қызықты, шығармашыл, болашағы бар және жоғары ақылы.